Меню KDT

kz ru en Диктор экрана виртуалды қабылдау

Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Болашақ»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны

logotype
deco
Жаңалықтар
 
«Ашық есіктер күні» өткізілді

Біздің балабақшада балабақшаның жылдық міндетіне сәйкес — ата-аналармен балалардың сөйлеу және дене дамуы мәселелеріндегі құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған

жұмысты жандандыру мақсатында «Ашық есіктер күні» өткізілді.

Ата-аналар білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен және күн тәртібі кезеңдерімен танысты:

     таңертеңгілік гимнастика, балаларды топқа қабылдау,

ұйымдастырылған оқу қызметі, жеңіл ас ішу және  ойын әрекеті.

Балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлі формалары ұсынылды: дидактикалық ойындар,  шығармашылық шеберлік сағаттары, дене шынықтыру және музыка сабақтары.

 Бұл балабақшаның күнделікті өмірінде қауіпсіз мінез-құлық және өзара құрмет

дағдыларының қалай қалыптасатынын көруге мүмкіндік берді.

   Клуб форматы отбасы мен балабақша арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Ата-аналарға белсенді қатысқандары, қызығушылық танытқандары және қолдау

көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.










 
Фвтор: bolashakpetr
Қосылды: 26.02.2026 в 17:57
Көріністер: 9
Артқа